Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдулла Арипов Ауғанстан делегациясымен кездесті
11:43 / 2024-07-04

3 шілдеде ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов Министрлер кабинетінде Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған делегациямен кездесу өткізді. Делегация құрамында 300-ге жуық ауғандық кәсіпкерлер мен бизнесмендер бар.

Үкімет порталының хабарлауынша, кездесуде тараптар экономикалық, инвестициялық, энергетика, көлік-логистика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылаған. 

Сондай-ақ, өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша нақты шаралар белгіленіп, екі елдің іскер топ өкілдері арасындағы қарым-қатынасты одан әрі кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

«Ауғанстан делегациясының Өзбекстанға сапары 6 шілдеге дейін жалғасады. Сапар аясында бірқатар министрліктер және ведомстволармен кездесулер, екіжақты бизнес-форум және ауған өнімдерінің көрмесін өткізу жоспарланған», делінген хабарламада.

Қонақтардың Ташкент пен Самарқанд қалаларындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарымен танысуыда қарастырыланған.