Абдулазиз Комилов UNFPA кеңсесі басшысын қабылдады
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің хабары
Өзбекстан СІМ басшысы Абдулазиз Комилов 8 қаңтарда БҰҰ-ның Популяциялық қоры (ЮНФПА) кеңсесінің Өзбекстандағы жаңа басшысы Ю.Юны қабылдады.
Кездесуде Ю.Ю өзінің Өзбекстанға тағайындалғаны турасындағы БҰҰ Бас хатшының орынбасары және ЮНФПА атқарушы директоры Наталья Канемнің хатын Абдулазиз Комиловқа табыстады.
Сыртқы істер министірі Ю.Юді осы қызметке тағайындалғанымен құттықтап, алдағы жұмысына табыстар тіледі.
Екі жақтық сұхбат кезінде, Өзбекстан БҰҰ мен қауіпсіздіктің жаһандық проблемалары, әлем елдері және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешетін әмбебап ұйым ретінде ынтымақтастыққа үлкен мән беретіні атап өтілді.
Сондай-ақ тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге және тұрақты дамуды қамтамасыздығына бағытталған бірлескен жобалардың тиімділігін арттыруға қызығушылықтарын растап, 2022 жылда ЮНФПА көмегінде мемлекеттік халық санағын өткізу жайлы жоспарлар талқыланды.