Абдулазиз Комилов Қырғызстанға жұмыс сапарымен барады.
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барады.
СІМ мәліметінше, министрдің Қырғызстанға сапары 2021 жылдың 25 ақпан күніне белгіленген. Сапар аясындағы кездесулер барысында Өзбекстан мен Қырғызстан қатынастарының негізгі аспектілері, саяси, дипломатиялық, шекара, сауда-экономикалық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетудің перспективалары талқыланады.
Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың оң динамикасын одан әрі жеделдету, аймақтық және аймақаралық деңгейде инфрақұрылымдық және көлік-коммуникациялық жобаларды іске асыру туралы пікір алмасатын болады.