Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов Душанбеде өткен «Еуропалық Одақ-Орталық Азия» министрлерінің кездесуіне қатысты.
СІМ мәліметінше іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан сыртқы істер министрлері және Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі қатысты.
Тараптар Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың өзекті, қауіпсіздіктің ортақ мәселелерін, сауда, инвестиция, экология салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды тереңдету жөнін талқылады.
Шараға қатысқан Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың инновациялық моделін қалыптастыру, тарифтерді үйлестіру, кедендік рәсімдерді оңайлату үшін мол мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
Сондай-ақ Ауғанстандағы гуманитарлық апаттың алдын алу және елді аймақтық экономикалық процестерге тарту қажеттігін сөз болып, Өзбекстан тарапы осы салада, соның ішінде БҰҰ-ның Арал өңірі үшін адам қауіпсіздігі жөніндегі көпжақты трасттық қоры аясында Еуропалық Одақпен қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екені айтылды.
Отырыс соңында Бірлескен коммюнике қабылданды.