Абдулазиз Камилов ЮНИСЕФ-тің жаңа басшысын қабылдады
Кездесуде Мунир Мамедзаде өзінің осы лауазымға тағайындалғаны жөніндегі ЮНИСЕФ-тің Атқарушы директоры Генриетта Фордың хатын министрге табыстады
17 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өзбекстандағы өкілдігінің жаңа басшысы Мунир Мамедзадені қабылдады.
Кездесуде Мунир Мамедзаде өзінің осы лауазымға тағайындалғаны жөніндегі ЮНИСЕФ-тің Атқарушы директоры Генриетта Фордың хатын министрге табыстады.

Сұхбат барысында тараптар Өзбекстан мен ЮНИСЕФ арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен басымдықтарын, атап айтқанда, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған жобаларды талқылап, өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.