Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барған Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловты Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қабылдады.
Сыртқы істер министрі Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке хатын тапсырды.
Кездесу барысында тараптар жоғары деңгейдегі сапарлар барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуы туралы пікір алмасты.
Екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мемлекетаралық қатынастар сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыс едәуір күшейе түсті. Халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде де серіктестік жүзеге асырылуда.
Келіссөздер барысында Орталық Азиядағы көпжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары, жаңа аймақтық нарықтарға шығу үшін инфрақұрылымдық және көлік-коммуникациялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.