Абдулазиз Камилов Түркі мемлекеттері ұйымы СІМ басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бейнеконференциялы форматта ұйымдастырылған Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты.
СІМ мәліметінше, онда Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Венгрия және Түркіменстан сыртқы істер министрлері Қазақстандағы қазіргі жағдайды талқылады.
Ұйым мүшелері Қазақстан халқы мен басшылығын түгелдей қолдайтыны және ынтымақтастықта екені атап өтілді. Тез арада елдегі татулық пен тұрақтылық орнайтынына сенім білдірді.
Кезектен тыс өткен отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды.