Абдулазиз Камилов Ташкентке жұмыс сапарымен келген Пак Чонг Сумен кездесті
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 1 наурыз күні Корея Республикасы Президенті жанындағы Шимолии экономикалық ынтымақтастық комитеті төрағасы Пак Чонг Сумен кездесті.
СІМ хабарлауынша, тараптар Өзбекстан-Оңтүстік Корея ынтымақтастығының саяси, дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.
Корея Республикасының «Жаңа Солтүстік саясат» бағдарламасы Еуразия елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтуға бағытталған, бұл Өзбекстан жүргізіп отырған аймақтық стратегияға сәйкес келетіні атап өтілді.
Кездесуде стратегиялық әріптестікті кеңейту, оның ішінде еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздерді жеделдету мәселелері талқыланды.