Абдулазиз Камилов Швейцарияның жаңадан тағайындалған елшісімен кездесті
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Швейцарияның Өзбекстанда Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған Константин Оболенскийді қабылдады.
Кездесуде Абдулазиз Камилов жаңадан тағайындалған Елшіден сенім грамоталарының көшірмелерін ала отырып, оған жоғары және жауапты қызметте сәттілік тіледі.
Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар арқылы қатынастарды дамыту, сауда -экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға бірдей мүдделі екендігі айтылды.
[gallery-3564]
Сонымен қатар дипломаттар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды ескере отырып, аймақтағы ахуал, соның ішінде Швейцария азаматтарын осы елден эвакуациялау мәселелері бойынша пікір алмасты.