11-12 мамырда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Цянь қаласында өтетін Екінші «Қытай-Орталық Азия» министрлер жиналысына қатысу үшін Қытай Халық Республикасына сапармен барады.
Айтулы іс-шараға Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түркіменстан сыртқы істер министрлері қатысады.
Өзбекстан СІМ мәліметінше, «Қытай-Орталық Азия» кездесуінде министрлер саяси сенімді нығайту, өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілету, бірлескен жобаларды іске асыру, дәліз байланысын ілгерілету және үздіксіз саудаға жол ашу, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заманауи сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы күресті тереңдету мәселелерін талқылайды.
Сапар барысында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі А.Камилов Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И-мен екіжақты келіссөздер жүргізеді және 5-ші Халықаралық Жібек Жолы ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатында сөз сөйлейтін болады.