Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдулазиз Камилов Пәкістан СІМ басшысымен кездесті
22:58 / 2021-03-10

Исламабадқа жұмыс сапарымен барған Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Шах Махмұд Курешимен кездесті.

Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы көпжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланғанк еліссөздер барысында тараптар екіжақты сауда көлемін одан әрі арттыру, экспорттық-импорттық өнім түрлерін көбейту, бірлескен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды белсенді жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізді. Осы мақсатқа жету жолында екі елдің үкіметтері жеңілдетілген сауда, банктік және кедендік ынтымақтастықты, сондай-ақ тұрақты рейстерді қалпына келтіруді жолға қою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Сыртқы істер министрлері ауғанаралық келіссөздерді бастаудың және халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстанда тұрақты бейбітшілікті ілгерілету жөніндегі күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Мәдени-гуманитарлық қатынастарға, сонымен қатар туризм саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылып, тарихи, мәдени және рухани тұрғыдан аймақтар мен елдеріміздің өркениеті өзара тиімді ынтымақтастықтың сенімді негізі ретінде қызмет ететіндігі айтылды.

Кездесуде министрлер БҰҰ, ЭЫҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық, аймақтық құрылымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мен бірге Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына да назар аударды.

Пәкістанның Сыртқы істер министрі биыл Ташкентте өтетін «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық байланыс. Қауіптер және мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияға шақырылды, делінген Өзбекстан СІМ хабарында.