Абдулазиз Камилов Пәкістанның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курайшиймен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курайшиймен телефон арқылы сөйлесті.
Өзбекстан СІМ хабарлауынша, сұхбат барысында тараптар саяси-сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және басқа салалардағы Өзбекстан - Пәкістан қатынастарының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқыланды және Ауғанстанды аймақтық экономикалық процестерге тарту арқылы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу үшін күш-жігерді біріктіру маңызды екендігі атап өтілді.
Бұдан бөлек, Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік дәліздерін дамытуға және өзара сауда көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылып, халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыланды.
Сыртқы істер министрлері жалпы күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша да пікір алмасты.