Абдулазиз Камилов Жаһандық жасыл өсу институты бас директорының орынбасарын қабылдады
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Жаһандық жасыл өсу институты (GGGI) бас директорының орынбасары Хелена Маклеодты қабылдады.
СІМ хабарлауынша, Министр қонақты Ташкент қаласында атаулы институттың аймақтағы алғашқы өкілдігіне айналған GGGI кеңсесінің ашылуымен құттықтады.
Кездесу барысында тараптар Өзбекстан мен GGGI арасындағы Арал теңізінің зардаптарын азайту, Арал өңірін әлеуметтік қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу, энергия тиімділігін арттыру, «жасыл» технологиялары дамыту және енгізу, қаланы көгалдандыру сияқты басым бағыттардағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Осы кездесуге GGGI-дің Ташкенттегі кеңсесінің басшысы Аарон Рассел де қатысты.