Абдулазиз Камилов Израильдің жаңа елшісін қабылдады
Өзбекстан СІМ басшысы Абдулазиз Камилов Израильдің жаңадан тағайындалған елшісінен сенім грамоталарының көшірмесін қабылдап алды
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Израиль мемлекетінің жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшісі Зехавит Бен Хиллелді қабылдады.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесуде СІМ басшысы елшден сенім грамоталарының көшірмесін қабылдап алып, Зехавит Бен Хиллелді Өзбекстандағы миссиясының басталуымен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.
Кездесу барысында тараптар Өзбекстан-Израиль қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен оларды одан әрі дамытудың басымдықтары мен БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығын талқылап, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бар мүмкіндікті іске асыруға өзара қызығыс танытты.
Сонымен қатар, кейбір аймақтық мәселелер жөнінде және жалпы күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша пікір алмасты.