Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдулазиз Камилов Еуропа Кеңесі президентінің Бас кеңесшісімен кездесті
15:26 / 2021-11-16

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған делегация Брюссельде Еуропа Кеңесі төрағасының сыртқы саясат жөніндегі бас кеңесшісі Саймон Мордюмен кездесті.

СІМ баспасөз қызметінің дерегінше, Өзбекстан-Еуропа ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланған кездесуде саяси диалогты жандандыру, парламентаралық байланыстарды дамыту, Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім бойынша келіссөздер үдерісін жеделдету, қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіру, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды кеңейту маңыздылығы сөз болды.

Тараптар «Өзбекстан – ЕО» және «ЕО – Орталық Азия» түріндегі алдағы іс-шаралар кестесі туралы пікір алмасып, Ауғанстандағы қазіргі жағдайдың аймақтық қауіпсіздікке ықпалына ерекше назар аударды. Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы екі жақтық ортақ пікір айтылды.