Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдулазиз Камилов ЕҚЫҰ Бас хатшысымен кездесті
13:06 / 2022-03-12

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Түркияның Анталия қаласында II Дипломатиялық форумы аясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын, сондай-ақ қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады.

Сонымен қарат дипломаттар соңғы жылдары Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасында қалыптасқан ашық және сенімді диалогты атап өтіп, барлық үш саладағы әріптестікті жалғастыруға және дамытуға өзара мүдделілігін қуаттады.

Кездесу барысында, 3-4 наурызда Ташкентте өткен «Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары аясында Орталық Азия мемлекеттерінің өңірлік ынтымақтастығы» атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияның жемісті нәтижелері сөз болды.

Әртүрлі салалардағы өзара тиімді бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар қарастырылды және өңірлік мәселелер, атап айтқанда Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасылды.