Абдулазиз Камилов Душанбе қаласында Мұхтар Тлеубердімен кездесті
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында «Азия жүрегі - Стамбул процесі» диалогының IX тоғызыншы министрлер конференциясына қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеубердімен кездесті.
Өзбекстан СІМ мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылап, жоғары деңгейдегі белсенді байланысты дамытуға ерекше назар аударған.