Абдулазиз Камилов БАӘ министрімен телефон арқылы сөйлесті
2021 жылы 18 мамырда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухайл әл-Мазруймен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және туризм саласындағы байланыстарды кеңейтуге назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
БҰҰ, ИЫҰ және басқа халықаралық ұйымдар аясындағы қатынастардың кейбір аспектілері туралы пікір алмасып, екі жақты жоғары деңгейдегі кездесулер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы мен алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды, делінген Өзбекстан СІМ хабарында.