3 қазанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Уенди Шерманмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Өзбекстан-АҚШ күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Президент Шавкат Мирзияевтің басшылығымен қоғамның барлық саласында жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар туралы толық ақпарат берді.
Мемлекеттік департамент өкілі АҚШ тарапы Өзбекстанда болып жатқан ауқымды өзгерістерді қолдайтынын жеткізді.
Тараптар аймақтағы жағдай мен Ауғанстандағы оқиғалар туралы пікір алмасып, Ауғанстанда кең ауқымды ұлттық татуласу мен инклюзивті үкімет құру үдерісін ілгерілету, елдегі адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, гуманитарлық дағдарыстың алдын алу қажеттілігі жайлы сөз болды.
Бұдан бөлек, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Болашақ бірлескен іс -шаралардың кестесі мен ұйымдастырушылық аспектілері, атап айтқанда, стратегиялық серіктестік диалогының бірінші отырысын өткізу мәселесі қаралды.
