Абдухаким Ходжибоев Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды
Президентінің тиісті жарлығымен Абдухаким Муминович Ходжибоев ӨР Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
ӨР Президентінің тиісті жарлығымен Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарып келген Абдухаким Муминович Ходжибоев ӨР Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Абдухаким Хаджибаев еңбек жолын қатардағы хирург қызметінен бастап, соңғы жиырма жыл ішінде Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығының бас директоры, Жедел дәрігерлер қауымдастығының төрағасы, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары және үш рет бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеген.
Бұған дейінгі Денсаулық сақтау министрі қызметінде жұмыс істеген Шадманов Алишер Каюмович Үкіметтің тиісті шешімімен (№683, 03.11.2020 ж.) Ташкент медициналық академиясының ректоры болып тағайындалды. Осыған байланысты бұрынғы ректор Лазиз Тойчиев қызметінен босатылған болатын.