Аббасбек Файзуллаев Азия кубогының үздік жас ойыншысы атанды
Өзбекстан құрамасының футболшысы Аббосбек Файзуллаев Азия кубогы-2023 турнирінің үздік жас жұлдызы атанды.
Еске салайық, Файзуллаев турнир барысында 2 гол соғып үлгерді.
Бұған дейін «Transfermarkt» порталы Қатарда өткен Азия кубогына жақсы қатысқан ойыншылардың бағасын жаңартқан болатын. Онда Аббасбектің трансфері 1 млн еуроға өсіп 5 млн құраған.