Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының шаралары ресми түрде басталды
16:52 / 2020-01-21

Абайдың мерейтойына қатысты жобалар биылғы жылмен ғана шектеліп қалмайды


Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» опера және балет театрында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының шаралары ресми түрде басталу шарасы өтіп, онда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып шараны бастап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Ақорданың баспасөз қызметіне сілметем жасап. 

2001211652243092f.jpg  

Атаулы шара барысында, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың мерейтойына қатысты жобалар жалы айтып «атаулы мерейтой биылғы жылмен ғана шектеліп қалмай осы мерейтой аясында шет елдерде бірқатар маңызды шаралар өткізіліп, Қазақстанның елшіліктері жанынан «Абай орталықтары» ашылады. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері он шет тіліне аударылады. деп мәлімдеп Абай Құнанбайұлы туралы бірнеше деректі фильм және телесериал түсіру жоспарланып отырғанында жеткізді. 

200121153728983e.jpg  

Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 3 млрд теңге көлеміндегі жылдық жоспарланған қаржысы есебінен өтетін болады.

200121161408534e.jpg