Ақ үйдегі қызметкерлер арасында коронавирус жылдам тарауда
АҚШ Президентінің резиденциясында жоғары лауазымды тұлғалар және олармен байланыста болғандар арасында коронавирус жұқтырған 34 жағдай тіркелген.
АҚШ-тың төтенше жағдайларды басқарудың федералды агенттігінің соңғы дерегіне сай коронавирус АҚШ президентінің жоғары кеңесшісі Стивен Миллерден, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэйли Маккиэни мен оның төрт орынбасарынан анықталған болып, одан бөлек Трамптың бұрынғы кеңесшісі Келлиэн Конуэй, үш республикашыл сенатор, Республикалық ұлттық комитеттің төрағасы Ронна МакДэниел, Ақ үйдің аппарат басшысы Уильям Степин және Трамптың жеке көмекшісі Ник Лунада коронавирус диагнозы анықталған.
Еске салар болсақ, 2 қазанға қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter парақшасында өзіне және әйелі Мелания Трампқа коронавирус диагнозы қойылғанын жариялап, артынан ауруханаға жатқан болатын. Ал 5 қазанда Трамп ауруханадан шығып, Ақ үйге оралды. «The New York Times» басылымының хабарлауынша Трамптың емделуі үшін 100 мың АҚШ доллары қажет болған.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше қазіргі кезде АҚШ-та 7,5 млннан астам азаматта вирус анықталған және олардың 3 млнға жуығы емделіп шыққан болса, 211 мынан көбі көз жұмған.