Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ Өзбекстан Капитал нарығын дамыту агенттігіне 1 миллион доллар бөледі
10:23 / 2020-02-05

Өзбекстанда АҚШ-тың жетекші компанияларының қатысуымен инвестиция көлемі 1 миллиард доллардан асатын перспективалық жобалар жүзеге асырылуда


Бүгінгі таңда Өзбекстан экономикасына тиесілі түрлі салаларда АҚШ-тың жетекші компанияларының қатысуымен инвестиция көлемі 1 миллиард доллардан асатын перспективалық жобалар жүзеге асырылуда.

Өзбекстанмен арадағы ынтымақтастықты жәнеде жақсарту мақсатында АҚШ үкіметі Өзбекстан Капитал нарығын дамыту агенттігіне нормативтік-құқықтық базаны реформалауға көмектесуге ниетті. Сондықтан АҚШ агенттікке 1 миллион доллар көлемінде техникалық көмек көрсетуді жоспарлаған. Бұл жөнінде Өзбекстанға ресми сапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пампео мәлімдеген.

Қазргі таңда Капитал нарығын дамыту агенттігінде сала бойынша 100-ден артық нормативтік-құқықтық құжаттар болып, алдағы уақытта олар тікелей «Капитал нарығы туралы» және «Капитал нарығын реттеу туралы» заң жобаларын жасауды жоспарлап, АҚШ тарапынан көрсетілетін қолдау арқылы олар осы жобаларды жасауда білікті мамандарды да тартуды көздеп отыр.

Еске сала кетсек, 2, 3 ақпан күндері АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пампео Ташкентте болып онда Өзбекстан мен арадағы ынтымақтастықты одан әрмен нығайту жөнінде Президент Шавкат Мирзияевпен кездесу өткізген болатын.