АҚШ қытайлық «China Telecom» компаниясының лицензиясын тоқтатпақ
«TikTok» және «WeChat» бағдарламалары американдық қосымшалар дүкендерінен алып тасталатын болады
Құрама Штаттар қытайлық компанияларға қатысты саясаттың күшейтілетінін жариялап «China Telecom» және қытайлық үш компанияның лицензиясын тоқтатуға шешім қабылдаған.
Мемлекеттік департамент, Қорғаныс министрлігі, Ішкі қауіпсіздік департамент және Бас прокурор Федералды байланыс комиссиясынан «China Telecom» және басқа үш қытай компаниясының қызметтік лицензияларын қайтарып алуға шақыруда, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.
АҚШ мемлекеттік хатшысы: ««Мен АҚШ Бас Прокуроры Уильям Баррумен, Қорғаныс министрі Марк Эспермен және міндетін атқарушы (Ішкі қауіпсіздік министрі Чад) Вольфпен бірге Федералды байланыс комиссиясынан «China Telecom» және басқа үш қытай коммунистік провайдерлерінен қызмет көрсетуге арналған рұқсатты қайтарып алуға шақырдым», - деген Майк Помпео баспасөз конференциясында.
Бұдан бөлек Помпеенің айтуынша, АҚШ «сенімсіз қытай бағдарламалық жасақтамасын» американдық қосымшалар дүкендерінен алып тастағысы келеді. Мемлекеттік хатшы «TikTok» және «WeChat» бағдарламаларын азаматтардың жеке өміріне «айтарлықтай қауіп» төндіретін бағдарламалар деп атаған.