English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ Қытайға 72 сағат ішінде Техастағы елшілігін жабуды бұйырды
19:29 / 2020-07-22

Осы хабар желіде тарағаннан кейін бейресми түрде Қытай тарапы Гонконгтағы АҚШ-тың Бас консулдығын жабуы мүмкін деген хабар тарады


АҚШ Қытайға 72 сағат ішінде Хьюстондағы (Техас штаты) Бас консулдығын жабуды бұйырды.

«Bloomberg» таратқан хабарда АҚШ тарапы Қытайдың консулдығын жабуын талап еткен. Бірақ бұның себебі қазірше көпшілікке жарияланбаған.

Қытай Сыртқы істер министірлігі бұл ақпаратты растаған, алайда бұл шешімді АҚШ департаментінен өзгертуін сұраған.

Осы хабар желіде тарағаннан кейін бейресми түрде Қытай тарапы Гонконгтағы АҚШ-тың Бас консулдығын жабуы мүмкін деген хабар тарады.

Соңғы уақытта екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс қатты нашарлап кетті. АҚШ тарапы мұны екі жақтық сауда келісімінің ортақ шешімге келмеуі және коронавирус жағдайымен байланыстырады.