АҚШ-тың келесі президенті Дональд Трамп емес
АҚШ-тағы перзиденттік сайлау нәтижелерін болжауының дәлдігімен танымал болған американдық тарих профессоры Аллан Лихтман биылғы сайлауда Джозеф Байденнің жеңісін болжады
АҚШ-тағы перзиденттік сайлау нәтижелерін болжауының дәлдігімен танымал болған американдық тарих профессоры Аллан Лихтман биылғы сайлауда Джозеф Байденнің жеңісін болжады деп жазады The New York Times.
Жеңімпазды анықтау үшін Лихтман өзінің «Ақ үйге қарай 13 кілт» деп аталар жүйесін қолданған, оның мәні 13 сұрақтан тұрады, оған тек «иә» немесе «жоқ» деген жауап беру мүмкіндігі бар.
Егер алты немесе одан да көп сұрақтар жауабы «иә» болса, бұл қазіргі партияның жеңісін жақтайды. Егер алтыдан көп сұрақтарға жауап мәні «жоқ» болса, бәсекелес партия жеңіске жетеді деген сөз.
Профессор Лихтманның «Ақ үйге қарай 13 кілт» атты жүйесіндегі сұрақтар легі елдің экономикалық жағдайына, әлеуметтік мәселелерге, түрлі қақтығыстарға, кандидаттардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне және олардың қабілеттеріне қарай жасалған.
Өзінің тәжірибесінде сегіз президентті дәл тапқан Лихтман биылғы сайлау алдынан сұрақтарды тағы бір рет қоя отырып, қазіргі республиканың президенті Дональд Трамптың екінші мерзімге қайта сайлануы мүмкін емес және елдің жаңа басшысы демократиялық кандидат Джозеф Байден болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Ол 1984 жылдан бері АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі туралы болжам жасап келеді. Осы уақытқа дейін сегіз рет билікке келер тұлғаны дұрыс анықтап. Тек 2000 жылы Альберт Гор жеңеді деп болжаған кезде республикашыл Джордж Буш президент болып сайланған. Алайда сайлау қорытындысы Флоридада қайта санау нәтижесінде анықталған. Профессор сол болжамын дұрыс шыққан деп болжайды.