АҚШ-тың ірі IT-компания жетекшілері Қытай олардың технологиясын ұрлап жатқанын жоққа шығарды
«Amazon», «Apple» және «Google» жетекшілері Қытай үкіметі олардың компанияларына тиісті технологиясын ұрлады дегенге сенбейді
АҚШ-тың ірі IT-компаниялары саналатын– «Amazon», «Apple» және «Google» жетекшілері Қытай үкіметі олардың компанияларына тиісті технологиясын ұрлады дегенге сенбейді. Олар бұл туралы АҚШ Өкілдер палатасы Заң комитетінің Монополияға қарсы саясат бөлімінде тыңдау кезінде мәлімдеді.
Онда айылуынша, осы жағдайға қатысқан әр кәсіпкерден Қытай АҚШ бизнесінен технология ұрлайтыны туралы сұралғаны айтылады. «Apple» компаниясының басшысы Тим Кук және «Amazon» басшысы Джефф Безос мұндай жағдайларға тап болмағаны жөнінде айтып ешқандай мысалдар келтіре алмайтынын жеткізген.
Ал «Google» компаниясының директоры Сундар Пичай Қытай билігі ол басқарған компаниядан технология ұрланғандығы туралы ақпарат жоқ екенін, бірақ 2009 жылы Google-ді Қытайдағы жеке тұлғалардың кибершабуылдарға ұшырағанын айтқан.
Жиында қатысқан «Facebook» директоры Марк Цукерберг жоғарыда келтірілген сұраққа жауап ретінде АҚШ-тың технологияларын ұрлауы туралы қытайлық агенттіктердің мәліметтері егжей-тегжейлі құжатталған деп санайды, бірақ мұндай оқиғалардың Facebook-те болған-болмағаны туралы нақтылық енгізбеген.
Компаниялардың басшыларынан Конгресс басқа мемлекеттердің агрессивті әрекеттерінен өзін қорғау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы ұсыныстар жасауды сұрады. Бірақ кәсіпкерлердің бәрі бұл сұраққа жауап беруді жөн көрмеген.