АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери базасы жақынында жойқын жарылыс болды
Жарылыстан соң шетелдік әскерлер мен бүлік тудырғандар арасында қақтығыс туындап нәтижесінде бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер бар
Ауғанстан астанасы Кабулдан солтүстікке қарай 60 км жерде орналасқан Баграм округінің аумағындағы АҚШ-тың ірі әскери әуе базасының жанында жарылғыш зат қойылған машина жарылған.
«korrespondent» ақпарат порталы жергілікті «Pajhwok» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап таратқан хабарда, бұл жарылыс болған аумақта мектеп және аурухана жайғасқан болып, шабуыл алғашқыда НАТО-ның канвойы болғаны хабарланып артынша ақпарат жалған екені айтылған.
Жарылыстан соң шетелдік әскерлер мен бүлік тудырғандар арасында қақтығыс туындап нәтижесінде бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер бар.