English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге байланысты федералды түрмелер жабылды
09:42 / 2020-06-02

Бұл жағдайға қара нәсілді азаматтың өлімі себеп болған


25 мамыр күні Миннеаполис штатында қара нәсілді азамат Джордж Фройдтың полиция қызметкерінің оқыс әрекетінен қаза табуы елде жаппай тәртіпсіздіктерге соқтырды. Соның нәтижесінде АҚШ федералды түрмелері соңғы 25 жылда алғаш рет жабылған.

Үіметтің атқарушы өкілі АҚШ федералды Түрмелер бюросының мәліметіне сүйене жасаған хабарламасында, Құрама Штаттарындағы федералды түрме құрамындағы 122 жазасын өтеуші мекемелерде 165,5 мың тұтқын бар екені жарияланып елдегі тәртіпсіздіктер басылғанша түрменің жұмысы уақытша тоқтатылғаны айтылады. 

Еске сала кетсек, 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис штатында афроамерикалық Джордж Фройдтың полиция қызметкерінің әрекетінен көз жұмуы Құрама Штаттардың ондаған ірі қалаларында жаппай тәртіпсіздіктерге себеп болды. Наразылыққа шыққан жанкешті халық қаладағы түрлі әлеуметтік нысандар мен дүкен, кафе, ресторандар және көшедегі кездескен көліктерді өртеп қара нәсілді азаматтың өліміне себепші болған полиция қызметкері әділ жазалануы керек деген ұранмен жанжал көтерген.