АҚШ-та шағын моторлы екі ұшақ соқтығысып көлге құлады
Жерглікті полицияның хабарлауынша әуедегі апаттан кейін суға кеткен ұшақтардан тек екі азаматтың денесі табылған
АҚШ-тың Айдахо штатындағы «Кер-д'Ален» атты көлдің үстінде екі шағын моторлы ұшақ аспанда соқтығысып суға құлаған. Нәтижеде кемі сегіз кісі қаза болғандығы айтылуда.
Жерглікті полицияның хабарлауынша әуедегі апаттан кейін суға кеткен ұшақтардан тек екі азаматтың денесі табылған. Алайда ұшақ бортында кемі сегіз кісі мен экипаж мүшелері болғанды айтылады. Бірақ қалғандарының денесі әлі табылмаған.
Көлге құлаған әуе кемелерінің бөліктері гидролокатордың көмегімен 38 метр тереңдікте табылдған. Алдағы уақытта оқиға орнында АҚШ жағалау күзеті және теңіз құтқарушылары жұмыс атқарып, зерттеу жүргізетіні айтылған.