Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаны тестілеудің үшінші кезеңі басталды
09:21 / 2020-07-28

Вакцинаны клиникалық зерттеудің соңғы кезеңі аясында бүкіл ел бойынша шамамен 30 мың адам қатысатын болады


АҚШ-та коронавирустық вакцинаны клиникалық зерттеудің соңғы кезеңі басталды. Бұл кезең аясында бүкіл ел бойынша шамамен 30 мың адам қатысатын болады.

Сынақтардың 3-кезеңін АҚШ денсаулық сақтау департаментінің тамақ және дәрі-дәрмек сапасы басқармасы мақұлдады. Бұл туралы АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс 27 шілдеде Майами университеті ұйымдастырған конференцияда мәлімдеген.

«Клиникалық зерттеулердің 3 кезеңі Құрама Штаттарындағы 89 орталықта жүргізілуде. Оған шамамен 30 мың адам қатысады. Бұл бізде коронавирустың генетикалық кодын алғаннан бірнеше апта өткен соң болды. Осыдан кейін біз, президент Дональд Трамп айтқандай, вакцинаны тезірек дайындау үшін «дыбыст жылдамдыға секілді жұмыс істедік» », - деген АҚШ вице-президенті.

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп журналистер мен өткен брифингте АҚШ-тың «Pfizer» компаниясы жасаған вакцина бірінші болып клиникалық сынақтардан өтіп, содан кейін үкімет 100 миллион доза вакцинаны алатындығын айтқан еді.

АҚШ үкіметі Оксфорд университетінің ғалымдарымен бірлесіп вакцина әзірлейтін британдық-швед «AstraZeneca» компаниясына 1,2 миллиард доллар берді. Сонымен қатар, Ақ үй әкімшілігі осы мақсаттар үшін «Moderna» компаниясына 486 миллион доллар және «Johnson & Johnson» компаниясына 456 миллион доллар қаржы бөлген.