Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-та иммиграция тоқтатылады
08:51 / 2020-04-21

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жағдайға Twitter-дегі жазбасында түсінік берген


АҚШ президенті Дональд Трамп бүкіләлемдік дағдарыс кезеңінде Америка азаматтарының жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында иммиграцияны тоқтату туралы жарлыққа қол қоятынын айтты.

Ақ үй басшысы Twitter-де гі жазбасында «Көрінбес жаудың шабуылын, сондай-ақ ұлы американдықтардың жұмыс орындарын сақтап қалу қажеттілігін ескере отырып, мен Америка Құрама Штаттарына иммиграцияны тоқтату туралы бұйрыққа қол қоямын!» - деген жазба қалдырған.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше АҚШ-та коронавирус жұқтырған жандар саны 786 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші 42 335. Сауыққандар саны 73 мыңға жуық.