АҚШ-та 19 кісі торнадо құрбаны болды
Осы табиғи апат салдарынан бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен
АҚШ-тың Теннесси штатында болған торнадо салдарынан 19 адам қайтыс болып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен.
CNN арнасының хабарлауынша табиғи апат жергілікті уақытпен 00:40 та Нэшвилл қаласы мен сол маңдағы аумақтарда болған. Құтқару қызметінің ақпаратында, торнадо кезінде шамамен 400 шұғыл өтініш келіп түскен. 156 адам ауруханаға жатқызылып, апаттың салдарынан 50 шақты үйдің қирауымен электр желілеріне зақым келді.