АҚШ Түркияға Ресейден алған қаруларын жоюды ұсынды
Ердоған Ресейден алған С-400 әуе қорғаныс жүйелерін 2020 жылдың сәуіріне дейін толықтай пайдалануға берілетінін айтқан.
АҚШ Түркияға Ресейдің С-400 әуе қорғаныс жүйелерін «қайтаруды немесе жоюды» ұсынады, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды қызметкері.
АҚШ сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, «Түркия келіссөз диалогына орала алады. Олар С-400-ді қайтарып беруі немесе жою керек екенін біледі», - деген лауазымды тұлға. Оның айтуынша Анқара АҚШ-тың Patriot зенит-ракеталары кешенін сатып алу мүмкіндігі бар. Егер олар Ресейдің қаруынан құтылмайтын болса АҚШ Анқараға қарсы санкциялар енгізуді бастайды, деген.
Бірақ Түркия бұл қарудан бас тартпақ емес, өйткені Ердоған Ресейден алған С-400 әуе қорғаныс жүйелерін 2020 жылдың сәуіріне дейін толықтай пайдалануға берілетінін айтқан.