АҚШ соты Трамптың TikTok-ты жүктеуге тыйым салушы жарлығын уақытша шектеді
Вашингтон округтық соты президент Дональд Трамптың АҚШ-та TikTok қосымшасын жүктеуге тыйым салу туралы бұйрығына уақытша тыйым салды
Вашингтон округтық соты президент Дональд Трамптың АҚШ-та TikTok қосымшасын жүктеуге тыйым салу туралы бұйрығына уақытша тыйым салды.
«The Wall Street Journal» таратқан хабарда, сот тыйым күшіне енерден бірнеше сағат бұрын шешім шығарған болып, онда TikTok-қа өкілеттілігін «Oracle» мен «Walmart» компанияларына сату бойынша аяқталмаған келісімшартқа АҚШ пен Қытай шенеуніктерінен келісім алуға көбірек уақыт беретіні айтылған.
Бұған дейін, TikTok-ты АҚШ билігі экономика мен саясатқа қауіп төндіретін және әлеуметтік желіні пайдаланушы АҚШ азаматтарының жеке деректерін жинау мен тыңшылық әрекет жасауда деп, айыптап оны бұғаттау туралы жарлыққа президент Трамп қол қойған болатын.