Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ президенттігіне кандидат Джо Байден Лукашенканы сынға алды
09:51 / 2020-08-11

Демократиялық партия атынан АҚШ президенттікке кандидат Джо Байден Беларуссиядағы сайлау нәтижелері мен наразылықтарға қатысты өз пікірімен бөлісті


Демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Джо Байден Беларуссиядағы сайлау нәтижелері мен наразылықтарға қатысты өз пікірімен бөлісті.

«Мен сайлаудағы дауысты ашық және нақты санауды және барлық саяси тұтқындарды босатуды талап ететіндерді қолдаймын. Президент Лукашенкодан бейбіт демонстранттардың құқығын құрметтеуге және одан әрі зорлық-зомбылықтан аулақ болуға оны шақырғым келеді.»

«Беларуссия халқы президент Александр Лукашенконың режиміндегі 26 жылдық жүйелі қуғын-сүргіннен мезі болғаннан кейін олардың даусының естілуін талап етуде. Лукашенко режимі Интернетке қол жетімділікті үзді, сайлаудағы әділетсіздікке бейбіт түрде наразылық білдірушілерді арнайы күштер мен шулы гранаталар, көзден жас ағызатын газды және резеңке оқтарды қолдана отырып қарсы алды. Тәуелсіз журналистерді тұтқындады және шетелдік бақылаушылардың қызметіне кедергі келтіруге тырысты», -деп Байден журналистер мен белсенділердің арқасында «біз қазір режимнің демократияға қарсы шабуылдары туралы шындықты білеміз» деп қосымша қылған.

Беларусьтегі президент сайлауы 9 тамызда өтті. ОСК мәліметінше, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,08% дауыс жинайнаған. Ал оның қарсыласы Светлана Тихановская ресми мәліметтермен келіспейтінін мәлімдеп өзін бұл сайлауда жеңгенін айтқан және Лукашенкодан билікті өз қолымен тапсыруын сұраған.