АҚШ Президенті Өзбекстан Президентіне хат жолдады
Өзбекстан Республикасы Президенті Жоғары Мәртебелі Шавкат Мирзияев Мырза!
Өзбекстан Республикасы Президенті
Жоғары Мәртебелі Шавкат Мирзияев Мырза!
Сізге және 2020 жылдың 1 мамырында Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарына зардап шеккендерге көңіл айтамын. Су басқан үйлердің, басқа аймаққа көшірілген адамдардың, қираған жолдар мен шаруа қожалықтарының суреттерін көру жүрекке ауыр тиеді.
Бұл жағдайда Сіз көшбасшылық қасиеттерді жеке назарыңыз бен жедел әрекетіңіз арқылы көрсеттіңіз. Мемлекеттік департамент пен АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі де осы қайғылы жағдайға жауап ретінде шаралар қабылдап біздің күш-жігерімізді көрсету үшін көмек ретінде қаржы бөлді.
Америка Құрама Штаттары осынау қиын жағдайда Өзбекстан және оның халқына тілеулес.
Сонымен бірге, коронавирусқа қарсы күресте бірлесіп жұмыс істейтіндіктен, бұл қауіпті пандемияға қарсы шаралар үшін қажетті көмекке байланысты сұрауыңыздың мүмкіндігінше тезірек шешілуін қамтамасыз ету үшін өз әкімшілігіме тапсырдыма бердім.
Құрметпен,
Дональд Трамп,
Америка Құрама Штаттары Президенті