Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ пен Қытай ымыраға келе бастады
23:12 / 2019-12-13

АҚШ пен Қытай тарапы сауда келісіміне байланысты тоғыз тармақтан тұратын сауда бітімінің бірінші бөлігін мақұлдасқан


Дерлік жарты жыл бойына сауда-экономикасына байланысты Америка Құрама Штаттар мен Қытай арасындағы сауда соғысы өз мәнісін тапқандай көрініс бере бастады.

Қытай Сауда министрінің орынбасары Ван Шувеннің сөзіне сенер болсақ кешегі өткен баспасөз конференциясында АҚШ пен Қытай тарапы сауда келісіміне байланысты тоғыз тармақтан тұратын сауда келісімінің бірінші бөлігінде келісті, деп айтқан.

Жергілікті басылым «Wall Street» журналының хабарлауынша, жұма күні кездесуде АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтхайзер мен Қытай елшісі Цуй Тянькай келісімшарттың барлығынада келіспеседе, кем дегенде оның негізгі ережелеріне қол қояды, делінген хабарламада. БАҚ-тың хабарлауынша, келісім 15 желтоқсаннан бастап күшіне енуі тиіс Қытай импортына салынатын баждардың жаңа кезеңін тоқтатуды қарастырылып, сондай-ақ, 360 млрд. долларға салынатын баж салығын екі есеге дейін төмендету күтілуде. Мұның орнына Пекин бірқатар талаптарды орындауы керек, соның ішінде Қытайдың АҚШ ауылшаруашылық тауарларын және басқа тауарларын сатып алу көлемін арттыратын болады.