Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ пен Қытай соғысына Тайвань себепші болама?
16:03 / 2019-08-19

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың қаншама қарсылықтарына қарамай Тайваньға F-16 жойғыш ұшақтарын сату бойынша 8 млрд долларлық келісімді жасағанын растады.


АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың қаншама қарсылықтарына қарамай Тайваньға F-16 жойғыш ұшақтарын сату бойынша 8 млрд долларлық келісімді жасағанын растады.

«Иа, бұл келісімді растадым. Себебі бұл 8 млрд доллар оңай ақша емес. Оның арқасында қаншама жұмыс орындары пайда болады»,- деді Ақ үй басшысы.

Сондай-ақ, Трамп өзінің бұл шешімін Сенатта мақұлдайтыны жайлы айтып, Тайвань үкіметі Американың жойғыштарын пайдалануда жауапкершілікпен қарайды деп сенім білдірді.

Ал, бұл келісімнен соң Қытай тарапы өз мүдделерін қорғауда міндетті түрде жауап шарасын көретін болады, -деді Қытай Сыртқы істер министілігі өкілі Гэн Шуан.

«Біз алдын-ала ескерттік. Бұл келісім өте қауіпті болатыны жайлы. Тез арада келісім-шартты тоқтатып арал мен арадағы әскери-техникалық байланысты үзуге шақырамыз. Әйтпесе барлық алда болатын жағдайлардың зардабы үшін Америка тарапы жауап береді. Қытай тарапы бұл жағдайдың дамуынан өз мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолдайтын болады»,-деді Гэн Шуан.