АҚШ пен Үндістан 3 миллиард доллардан асатын келісім жасады
АҚШ президентінің мәлімдемесіне қарағанда Үндістан H-64E Apache және MH-60R Seahawk тікұшақтарын сатып алатын болған
Аптаның алғашқы күні өзінің алғашқы сапарын Үндістанға жасаған АҚШ перзиденті Дональд Трамп ел премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер нәтижесінде 3 млрд долларлық келісімге қол жеткізген.
Әлемдегі ең үлкен крикет стадионында президент Трампты қарсы алу салтанаты өтіп, 100 мыңнан астам адам қатысқан осы шарада сөзге шыққан Дональд Трамп «Біз Үндістанмен арадағы байланысты нығайтып қана қоймай екі елге де тиімді болған әскери аынтымақтастықты ұлғайту джайында келісімдер жасайтын боламыз» деген.
Үндістан мен АҚШтың арасындағы саяси қатынас өзара мәселелі болған мен екі ел арасындағы сауда көлемі 2018 жылда 142,6 млрд доллардан асқан. Осы көрсеткішпен Үндістан қазіргі уақытта АҚШ-тың тоғызыншы ең үлкен сауда серіктесі болып табылады.
АҚШ президентінің мәлімдемесіне қарағанда Үндістан H-64E Apache және MH-60R Seahawk тікұшақтарын сатып алатын болған.