АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс күн өткен сайын үдеп барады
Ресми Иран елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез-келген АҚШ кемесіне шабуыл жасайтынын мәлімдеді
АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс күн өткен сайын ушығып барады. Кеше президент Трамп АҚШ әскери кемесіне теңізде қауіп төндірген кез-келген Иран кемесін атуға бұйрық берген еді, ал бүгін Иран қарулы күштері елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін АҚШ кемелеріне шабуыл жасайтынын мәлімдеді.
Екі ел арасындағы теке-тірес Иран Ислам ревалюциясы Күзет корпусының орбитаға әскери жер серігін ұшырғаннан кейін үдей түсті. Бүгін Күзет корпусының қолбасшысы Хоссейн Салами өз мәлімдемесінде Трамптың кешегі айтқан бұйрығына сай «Иран елінің қауіпсіздігіне қандайда бір қауіп төндірген АҚШ кемесіне жылдам әрі нақты шабуыл жасалатын болады. Америкалықтар бұған дейін де біздің күшімізді өздерінде байқап көрген, деп жауап қатты.
15 сәуірде АҚШ әскери-теңіз күштерінің бесінші флотының баспасөз қызметі Иран әскери кемелері Парсы шығанағындағы АҚШ әскери кемелерінің жанында қауіпті жағдайлар жасап жатқанын хабарлап, Иран кемелері АҚШ кемелеріне 9 метр қашықтыққа дейін жақындағаны айтылған.