Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесу
16:26 / 2019-08-22

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Өзбекстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейлді қабылдады.


Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 22 тамыз күні Өзбекстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейлді қабылдады.

Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Әңгіме барысында Өзбекстан – Америка арасындағы серіктестік байланыстары жоғары деңгейде өсіп баражатқаны, мұндағы түрлі дәрежеде делегациялардың алмасуымен, оның ішінде өткен жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің Вашингтонға ресми сапары аясында президент Дональд Трамппен кездесуі және АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды адамдарымен жүздесулері негізгі рөл ойнаушы екендігіне назар аударылды.

АҚШ-пен инвестициялық, экономикалық және технологиялық модернизация жасау, алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеу бойынша тығыз ынтымақтастықта болу Өзбекстан үшін үлкен бастама болып табылатындығы атап өтілді.

Келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық саладағы сындарлы байланыстарды одан әрі дамытудың перспективалары туралы пікір алмасылып, өзара тиімді салалардағы байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге дайын екендіктерін растады.

Дэвид Хейл Өзбекстанда жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформаларға жоғары баға берді және АҚШ тарапы бірлескен жобаларды, соның ішінде білім алмасуды ілгерілетуге қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Кездесуге АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Даниел Розенблумде қатысты.