Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ халыққа 500 млрд доллар ақша таратуды бастайды
15:50 / 2020-03-20

Төлем мөлшері салық төлеушілердің кірістік табысына қарай белгіленетін болады


Америкада коронавирус эпидемиясына байланысты халыққа қолдау көрсету мақсатында 500 миллиард доллар ақша тарату көздеген.

АҚШ-та 6 сәуірден бастап салық төлеушілерге 250 млрд доллар, 18 мамырдан бастап және нақтылай 250 млрд доллар тарату жайлы ұсыныс айтылған. Осынау сомма Салық қызметі мен Фискал қызметтер бюросы тарапынан қамтылмақ көрінеді.

Төлем мөлшері салық төлеушілердің кірістік табысына қарай белгіленетін болады деп жоспарланып, тағыда 300 млрд доллар қаржы шағын кәсіпкерлікті қолдауға, экономиканың проблемалық салаларын қолдауға 150 миллиард доллар және осы эпидемиядан көп залал көрген авиация саласына 50 миллиард доллар бөлу жөнінде ұсыныстар білдірілген.

Соңғы дерек бойынша АҚШ-та 14 250 мың жан коронавирус жұқтырған. 205 жанның өлімі тіркеліп, 121 адам аурудан айыққан.