АҚШ Иранға қарсы санкцияларын қалпына келтіру процесін бастайды
АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын қалпына келтіру процесін бастайтынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын қалпына келтіру процесін бастайтынын мәлімдеді.
«Біз санкцияларды қалпына келтірумен айналысамыз. Келесі аптада не болатынын көресіз», - деді Трамп Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы қару-жараққа тыйым салудан бас тартқанына таң қалмаған. «Біз дауыс берудің нәтижесі қандай болатынын алдын ала болжадық», - деген ол.
14 тамыз күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жараққа тыйым салу мерзімін ұзартуды қолдамады. Құрама Штаттардың өзінен басқа, Доминикан Республикасы тыйымды ұзартуға дауыс берді. Ресей мен Қытай қарсы шықты, ал тағы 11 мемлекет бейтараптық танытқан.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қауіпсіздік Кеңесінің бұл әрекетін «кешірілмейтін» деп айтып, кеңес «терроризмнің негізгі демеушісі» Иранға эмбаргоны қолданбай, шексіз мөлшерде қару-жарақ сатып алуға мүмкіндік береді. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен бұл жолы АҚШ жеңіліс тапты, бірақ ол «әлі аяқталған жоқ» деген.