АҚШ Huawei компаниясына санкцияны тағы бір жылға ұзартты
Қытайдың Huawei компаниясы 2019 жылдан беріге АҚШ-тың қара тізіміне кірген
Құрама Штаттар кәсіпорындары Қытайдың Huawei компаниясымен келесі жыл мамырдың соңына дейін ынтымақтастық жасамайтын болды. Санкция жалғасады.
Reuters ақпарат порталының хабарында айтылуынша президент Трамп АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірер телекоммуникациялы компаниялармен қарым-қатнасты шектеуші құжатқа қол қойған. Құжат «қара тізімге» енгендерге тиісті. Құжат бетінде ашып айтылмасада Қытайдың «Huawei» және «ZTE» компаниялары осыған қатысты екені астарланған.
Өйткені Қытайдың Huawei компаниясы АҚШ-та орнатылған 5G желілеріне арналған құрылғылар арқылы АҚШ-тағы телекоммуникация желілерін бақылай алады, деген айыппен 2019 жылда осы қара тізімнен орын алған еді.