АҚШ дипломаттары Сауд Арабиясында індеттің күрт асқынуынан еден кетіп жатыр
Соңғы деректерге сай Сауд Арабиясында вирус расталғадар саны 205 мыңнан асып, 143 мың жан аурудан сауыққан
Сауд Арабия Корольдігінде коронавирустық індеттің кеңінен белең алуына байланысты америкалық дипломаттар мемлекеттен кетуге мәжбүр болуда.
«Wall Street Journal» басылымының дерегінше Сауд Арабиясындағы ондаған американдық дипломаттар отбасымен бірге елден кетіп жатқанын және бұған өткен аптада мемлекеттік департамен рұқсат еткенін жазады.
Онда айтылуынша, Эр-Риядтағы елшіліктің негізінен америкалық болмаған 30 қызметкері наурыздан бастап үйде жұмыс істегеніне қарамастан коронавирус жұқтырған. Маусым айында осы індеттен елшіліктің жүргізушісі қайтыс болса, содан кейін дипломаттардың бірінің отбасы мүшелеріне шұғыл медициналық көмек қажет кезде жәрдем көрсетілмегендігінен елшілік араласуға мәжбүр болғандығы айтылады.
Қазіргі кезде ел аумағында індеттің күрт асқыну салдарынан дипломаттар елден кетуге шешім қабылдаған және ондаған АҚШ миссия өкілдері елден шығып кеткен. Осы жағдайларға орай алдағы апталарда одан да көп дипломаттар Сауд Арабиясынан кетеді деп күтілуде.
Соңғы деректерге сай Сауд Арабиясында вирус расталғадар саны 205 мыңнан асып, 143 мың жан аурудан сауыққан.