Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ делегациясы Өзбекстанға сапармен келеді
13:22 / 2020-06-29

АҚШ делегациясының сапары аясында Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенаты және елдегі бірқатар министрліктермен келіссөздер жүргізу жоспарланған


29 маусым мен 1 шілде аралығында АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад пен Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД) атқарушы директоры Адам Бойлер Өзбекстанға сапармен келеді.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, АҚШ делегациясының сапары аясында Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенатында, Сыртқы істер, Инвестициялар және сыртқы сауда, Экономикалық даму және кедейлікпен күрес министрліктеріндегі екіжақты келіссөздер өткізу жоспарланған.

Осы кездесулер барысында тараптар Ауғанстандағы бейбіт келіссөздерді қолдау мәселелері, Халықаралық Даму Қаржылық Корпорациясының Өзбекстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаражат тарту мүмкіндіктерін талқыланатын болады. сонымен қатар АҚШ делегациясы 30 маусымда бейнеконференция арқылы Орталық Азия-АҚШ (С5 + 1) министрлер жиналысына да қатысуы белгіленген.