French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ билігі шетелдік студенттер жөніндегі визалық шешімнің күшін жойды
02:00 / 2020-07-15

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі АҚШ-тағы студенттік визамен келіп күдізгі бөлімде оқитын шетелдіктерден елден кетуді талап еткен болатын


АҚШ билігі коронавирустық пандемияның салдарынан тек онлайн режимде білім алатын шетелдік студенттердің елден кетуі жайлы визалық бұйрықтың күшін жойды.

«The Hill» басылымындағы хабарда айтылуынша, бұл шешімді федералды судья Эллисон Берроу Бостондағы кездесу барысында жариялап, онда олар мәселені көтерген тараптардың уәждерін тыңдауға мәжбүр болған. Өйткені осы мәселе бойынша Гарвард университеті мен Массачусетс технологиялық институты АҚШ әкімшілігінің тәртібіне қарсы шыққан. Одан бөлек 18 штат пен Колумбияның орталық ауданы сотқа осы жағдай бойынша шағым түсірген.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі АҚШ-тағы студенттік визамен келіп күдізгі бөлімде оқитын шетелдіктерден елден кетуді талап еткен болатын. Сонымен қатар, Құрама Штаттардағы университеттердің басым бөлігі жақын арада COVID-19 пандемиясының салдарынан күндізгі оқу бөліміне шектеулер енгізуге ниетті екенін мәлімдеген.