А Серия ойындары 13 маусымнан басталады
Маусымның жалғасындағы алғашқы кездесулер 25-турдың өтпей қалған матчтарымен ашылмақ
А сериясының басшылығы Италия чемпионатының ағымдағы маусымын қайта жалғастыру туралы шешім қабылдады.
26 мамырда жоғары лигалық клубтар бейнеконференциялы өтен жиында өздерінің бүгінгі жағдайын талқылап, кездесулерді 13 маусымда қайта жалғастыру жоспарлары өзгермегені туралы сөйлескен. Маусымның жалғасындағы алғашқы кездесулер 25-турдың өтпей қалған матчтарымен ашылмақ. Онда «Аталанта» - «Сассуоло», «Интер» - «Сампдория», «Торино» - «Парма» және «Верона» - «Кальяри» клубтары бастап береді. Сосын 20 маусынан бастап ойындар толықтай басталады. Бірақ бұл шешім әлі қабылданбаған. Соңғы күні 29 мамырда А Серия басшылығы кездесуінде мәлім болады.